Меню KDT
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің  №39 кешкі (ауысымды) мектебінің сайтына қош келдіңіздер!

введите текст

введите текст
  • Осы айда 218
  • Осы аптада 76
  • Кеше 7
  • Б?гін 1
  • Онлайн 0
Коронавирус
Коронавирус
Коронавирус
Коронавирус

2019-2020 оқу жылында сыныпжетекшілерді бекіту туралы 




Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы оның шәкірттерінің бойында жалпы-адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға негізделеді.

Ол төмендегідей құндылықтарды қамтиды:

 Адам-адамгершілік тәрбиесі

Отбасы-баланың бірінші ұжымы, оның тіршілік ортасының табиғилығы, сондықтан қалыпты отбасының пайда болу қажеттілігін тәрбиелеу қажет.

Еңбек-шығармашылық пен даму қажеттілігіне тәрбиелеу

Білім-шындықты және адам тұлғасын дамыту тәсілін іздеу, үнемі даму қажеттілігіне тәрбилеу                                                                                                    

Мәдениет-мәдениеткеқатыстыру, руханилылықты, адамгершіліктіжәнеинтеллектуалдықтыүнемііздестіруқажеттілігінтәрбиелеу.                                        

Отан-өзхалқыныңтарихынқұрметтеудітәрбиелеу

Әлем-тілтабысабілуменазаматтықбейбітқарым-қатынасының хал ахуалын жасау.                                                                                                                                              
Сыныпжетекшісі-тек адамзаттық құндылықтарға үйреніп қана қоймай, сонымен қатар әр баланың бойындағы бейімділігін, кәсібиикемділігін, табиғи мүмкіндіктерін ашып, сүйіспеншілік, сенім, түсінушілік және достастық хал-ахуалын тудыру білуі керек. Сынып жетекшісінің негізгі қызметі-оқушы тәрбиесімен оларды бір ұжымға біріктіру, өзін-өзі жетілдіруге, тәрбиелеуге және іске асыруға жағдай жасау. Ол оқушылардың жан-жақты дамуы, патриоттық сезімдерін қалыптастыру тәрбиесі туралы, еңбексүйгіштігін, ұжымшылдығын, оқу үлгерімінің жақсаруы мен тәртіптің нығаюын және еңбекке дайындығы бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады.

Сынып жетекшінің қызметтері:

Тәрбиелік-түзетушілік:

  • мемлекеттің әлеуметтік және рухани тәжірибесіне қатыстыру
  • креативті қабілеттерін дамыту
  • жалпы адамзаттық құндылықтарды тәрбиелеу
  • қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу

Жеке жұмыс

  • психологиялық педагогикалық жұмыс

Карталары

  • Тестілеу
  • Сауалнама жүргізу
  • Бала денсаулығын қадағлау
  • Психологиялық қызметпен бірлесе жұмыс істеу
  • Медициналық қызметпен бірлесе жұмыс істеу

Ұйымдастырушылық

  • түрлі қоғамдық пайдалы шаралар ұйымдастыру
  • оқушы, мұғалім, ата-ана байланысын ұйымдастыру

Бақылаушылық

  • оқушыларының сабаққа қатысуын бақылап отыру
  • оқушы үлгерімін есепке алып отыру
  • оқу кабиентінің санитарлық жағдайын қадағалап отыру
  • Жұмыс орындарымен байланыс жасау

Коммуникативтік

- балалар арасындағы қатынастарды реттеу

- «Оқушы-мұғалім », «Оқушы-ата-ана», «Мұғалім –ата-ана» өзара тиімді қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу

- оқушылардың айналасындағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас қалыптастыруына көмек көрсету

Аналитикалық

- әр оқушының жеке ерекшеліктерін зерттеу

- сынып ұжымының қалыптасуын зерттеу және талдау

- әр баланың отбасы тәрбиесі жағдайын зерттеу және талдау

Дамытушылық

  • ақыл –ой дамыту ойындарын ұйымдастыру
  • ТЖ сабақтарында белсенді жұмыс түрлерін енгізу
  • Халықтық, классикалық жаңашыл әдістері

Сынып жетекшісінің лауазымдық міндеттері.

Сынып жетекшісі білуі тиіс:

  • Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңын
  • Бала құқықтары туралы конвенцияны
  • Педагогиканы, балалардың жас ерекшелік және әлеуметтік психологиясын, қарым-қатынас психологиясын,балалардың және жеткіншектердің жеке және жас ерекшеліктерін
  • Жас ерекшелік физиологиясын, мектеп гигиенасын
  • Педагогикалық этиканы
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін
  • Оқушылардың (тәрбиеленушілердің ) бос уақытын ұйымдастыру
  • Еңбек заңнамасының негіздерін

Сынып жетекшісі балалар тұлғасының жеке дамуына және адамгершілік тұрғысынан қалыптасуы үшін жағымды жағдайлар жасауға әрекет етеді, оның тәрбие жүйесіне қажетті түзетулер енгізеді. Оқушы тұлғасын және оның қызығушылығы мен қабілет мүмкіндіктерін зерттеуді жүзеге асырады. Жағымды өз ортасын құрып, сыныпта әр бала үшін моральдық-психологиялық ахуал жасайды. Қарым — қатынастың дамуына ықпал етедію. Баланың өз құрбыларымен, мұғалімдермен, ата-аналармен қарым-қатынасында пайда болатын проблемаларын шешуге көмектеседі. Тәрбиеленуші тұлғасынан өзін-өзі тәрбиелеуіне және өзін-өзі дамытуға бағыттайды. Оқу іс-әрекетінде оқушыларға көмек береді. Үйірме, клуб, спорт секциясы мен бірлестіктер жүйесі арқылы оқушыларға (тәрбиеленушілерге) қосымша білім алуға ықпал етеді. Балалардың жас ерекшеліктеріне және тұрмыстық талаптарына сәйкес сынып жетекшісі сынып ұжымы өміршендігінің мазмұнын жаңартады. Оқушылардың құқықтары мен бостандығын сақтайды, олардың өмірі, денсаулығы, қауіпсіздігі үшін жауап береді.

Игеруі тиіс:

  • кіріктірілген тұлғалық қасиеттер: эмоциялық-ерікті өзін басқару және бақылауға қабілеттілік, аналитикалық, болжамдық, коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттер.
  • Жоғары мәдениет, тұрақтылық, адамгершілік бағдар.

Оның бойында болуы тиіс:

  • кәсіби дайындықтың жоғары деңгейі, оның негізін келесілер құрайды:
  • жалпы, жас ерекшілік, әлеуметтік педагогика мен психология саласындағы ілгері білім
  • балалар қарым-қатынасындағы, іс-әрекетіндегі, мінез-құлқындағы, дамуындағы ауытқу нормаларының құбылыстары мен процесстерін білу
  • психологиялық-педагогикалық диагностиканың әдістерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып жеке кеңес берудің, психологиялық алдын алудың және психологиялық педагогикалық түзетудің әдістерін
  • балалардың жас ерекшеліктері мен әлеуметтік сипаттарды ескере отырып, балалардың жеке және ұжымдық шығармашылығының ерекшелігі мен мәнін білу
  • балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының әдістемесін білу
  • балалардың құқықтарын қорғау бойынша отандық және халықаралық құқықтық нормаларын білу.

Кәсіби біліктері қалыптасуы тиіс:

  • жеке, тұлғааралық қиындықтар мен қақтығыстарды анықтау
  • зерттеу және әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік психологиялық мәселелерді шешу әдістерін игеру
  • «ересектер-бала» және «ересектер-ересектер», сонымен қатар «сынып жетекшісі-бала-ата-ана» жүйесіндегі педагогикалық тұрғысынан мақсатқа сай және психологиялық дұрыс қарым-қатынасты ұйымдастыру
  • Ұжымдармен, балалардың бірлестіктерімен және үлкен, кіші топтармен жұмыс жасау
  • Балалармен әлеуметтік маңызды іс-әрекеттер ұйымдастыру, олардың әлеуметтік өзін-өзі анықтау мен қалыптасуы үшін жағдай жасау
  • Шығармашылық бейімділіктерін және балалардың қабілетін анықтау, оларды іске асыру үшін жағдай жасау
Жоғарыда айтылғанның барлығын ескере отырып, сыныпжетекшісінің әлеуметтік-педагогикалық құбылысының ерекшелігімен үрдіске қатысушыларына қатысты оның рольдік ұстанымы өзгереді.                                                                                
Сынып жетекшісінің әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетінің мазмұны – формальды түрде  болмайтын кәсіби-педагогикалық емес, керісінше «табиғи» қызметтестік, ересек адам мен баланың өзара түсінікті қатынасы. Оның мазмұны ерекше адамға өзінің тұлғалық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдай жасап, оның тұлғалық қасиеттерін баламен қарым-қатынасқа түсу барысында неғұрлым байыта түседі. Үдерістің қатысушысы болып балаға өзінің ересек адам ретінде сезінуге, оның өз күшіне сенім артып, өзі «менің» көрсетуге мүмкіндігі туады, осындай да бала ересек (досынан, жолдасынан) адамнан нағыз көмек көре алады. Осы компонент субъект ұстанымының қалыптасуына, жас тұлғаның жалпы дамуына оның жеке ерекшелігін ескере отырып, оң әсер етеді. Сынып жетекшесінің балаларымен тәрбие жұмысының бағдарламасы әрдайым инновациялық, авторлық, динамикалық болады, бұл –педагогтың шығармашылық, нақты тәжірибеге бағытылған және жемісті іс-әрекетінің нәтижесі.

Жұмыс формалары: 
1. Эксперименттік жұмыс және ғылыми зерттеулер:

- эксперименттік алаң

- авторлық және вариативті бағдарламаларды жасақтау және сынақтан өткізу

- зерттеу мәселесі бойынша теориялық материалдарды оқу

- ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысу

- авторлық материалдар жасақтау

2. Әдістемелік құжаттарды жасақтау

- оқу жоспарлары мен бағдарламалары

- әдістемелік нұсқауларды

- сауалнамаларды

- ережелерді (қойылымдар, байқаулар, көрмелер, шығармашылық жұмыстар

туралы және т.б.)

-диагностикалау әдістемесін.

3. Тәрбие жұмысы бойынша мектеп директоры орынбасарының, сынып жетекшісінің  

     және тәлімгерлердің біліктілігін көтеру

  • әдістемелік тақырыпта жұмыс жасау
  • проблемалық, үйретушілік семинарлар
  • біліктілігін жетілдіру курстары
  • тәжірибе толықтыру
  • дөңгелек үстелдер
  • жеке кеңестер
  • авторлық семинарлар
  • ашық тәрбиелік іс-шаралар
  • өзара тәжірибе алмасу
  • ұстаздық жұмыс
  • «Жыл мұғалімі», «Жыл сынып жетекшісі» және т.б. кәсіби шеберліктің байқауларына қатысу
4. Жаңашыл педагогикалық тәжірибені қорытындылау мен тарату

- шығармашылық топта жұмыс

- шығармашылықпен жұмыс жасайтын пелагогтың материалдарын жүйелеу және қорыту

- жаңашыл жобалардың, шығармашылық жұмыстардың тұсаукесер рәсімі,таратылуы және енгізілуі.

- мастер-кластар, педагогикалық шеберхана

- педагогикалық кеңесте, тамыз конференцияларында баяндама жасау

- жылжымалы семинарларға қатысу және т.б.

Ту
Елтанба
Әнураны

Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015-2016 год